Шыңғыстай — Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны Аудан орталығы – Катонқарағай ауылынан шығысқа қарай 21 км-дей жерде, Сарымсақты жотасының баурайында, Бұқтырма өзенінің сол жағасындағы қайыңды-қарағайлы орман арасында орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1208818 558 68,2 404 284 70,3 414 274 66,2
Тарихы Іргесі XIX ғасырдың аяғында қаланған. 1968-96 жылдары бұғы өсіретін кеңшар бөлімшесінің орталығы болған. Оның негізінде шаруа қожалықтары құрылды. Шыңғыстайдағы алғашқы мектеп ғимараты 1905 жылы салынған. Онда Сұлтанмахмұт Торайғыров ұстаздық етіп, өзінің әйгілі “Кедей” поэмасын осында жазған.
Көрікті жерлері Осында ауылдың тумасы жазушы Оралхан Бөкейдің мұражай-үйі орналасқан.
Танымал тұлғалары Оралхан Бөкей - жазушы.
Тағы қараңыз Аустрия жолы
Дереккөздер
Санат:Катонқарағай ауданы елді мекендері Санат:XIX ғасырда құрылған елді мекендер