Арық жалбыз () – ерінгүлділер тұқымдасының жалбыздар тегінің тамыр сабақты көпжылдық шөптес өсімдігі.
Ботаникалық сипаттамасы Биіктігі 30-180 см, жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сағақсыз, қандауыр тәрізді, үстіндегі беті қошқыл жасыл, астыңғы беті - үйысқан ақ түкті.
Гүлдері сабақ ұшында үздікті шоқ, бұтақтарында масақ тәрізді болып шоғырланған. Тостағаншасы қоңырау пішіндес, күлтесі күлгін түсті. Маусым-тамызда гүлдейді.
Жемісі төрт жарнақты.
Таралуы Африкада, Азияда және Еуропаның барлық бөлімдерінде кең таралған. Қазақстанда Орал, Қостанай, Семей, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жоңғар аймақтарында кездеседі.
Ылғалды жерлерде, арықтардың бойында өседі.
Классификация Арық жалбыздың бірнеше түршелері барEuro+Med Plantbase Project: Mentha longifolia African Flowering Plants Database: Mentha longifolia Huxley, A., ed. (1992). New RHS Dictionary of Gardening. Macmillan ISBN 0-333-47494-5.:
Пайдаланау Арық жалбыз - эфир майлы, хош иісті және балды өсімдік. Оны медицинада, парфюмерияда, конфет, ликер өндірістерінде пайдаланады.
Дереккөздер
Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Еріндігүлділер