thumb|left|160px| Ассам және Үндістанның солтүстік-шығысындағы штаттар Ассам ( ассам тілінде - অসম, ) — Үндістанның солтүстік-шығысындағы штат. Аймақ әлемге аты шыққын "Ассам шайымен" белгілі.
Тарихы Ертеде және орта ғасырдың басында Ассам және Прагджьотиша, Камарупа деп аталған. 6-7 ғасырда Солтүстік Бенгалиямен қосылып, дербес феодалдық мемлекет болды. 13 ғ. Ассамды Бирманы мекендеген ахома тайпалары жаулап алды. Мұнда 1792-94 ж. Англия, ал 19 ғасырдың басында Бирма үстемдік етті. 1824-26 ж. болған ағылшын-бирма соғысы нәтижесінде Ассам жері ағылшындық Үндістанға қосылып, 1921 жылдан оның провинциясы болды. Ұлттық-азаттық күресінің нәтижесінде 1947 ж. Үндістанның тәуелсіздігі жарияланып, ол екі мемлекетке (Үндістан және Пәкістан) бөлінгеннен кейін, Ассам (Пәкістанға қосылған Силхет округін есептемегенде) 1950 ж. Үндістан Республикасының штаты болды.
Географиясы Жер аумағы 78 438 кm². Шығыс Гималай тауларының етегінде, негізінен Брахмапутра өзенінің алабына орналасқан. Астанасы - Диспур, ірі қаласы — Гувахати. Халқы — 31 169 272 человек (14-ші орын; 2011 ж.). Олардың 50%-тен астамы ассамдықтар, 18 %-ы бенгалдықтар.
Жерінің оңтүстігін Лушан тауы (2157 м-ге дейін), орталық бөлігін Ассам таулары, солтүстігін Брахмапутра өзені бойындағы ойпат алып жатыр. Жер сілкіну жиі болып тұрады. Климаты - тропиктік, муссондық, жазы жаңбырлы. Ауаның орташа температурасы қаңтарда +13 °С, мамырда +26°С. Жаздық жауын-шашын мөлшері 2000 мм. Жерінің 1/3 бөлігі мәңгі жасыл, аралас орман.
Ірі қалалары: Гувахати — 808 021 адам Силчар — 142 393 адам Дибругарх — 122 523 адам Нагаон — 107 471 адам Тинсукия — 85 519 адам Джорхат — 66 450 адам
Экономикасы
Ассамда егіншілік пен мұнай өнеркәсібі дамыған. Жерінің 15 %-ы жыртылған. Шай, кендір, күріш, темекі, мақта егіделі. Барлық егіннің 30 %-ы суармалы. Егіншілік негізінен Брахмапутра мен Сурманың аңғарларында дамыған.
Мұнай-химия өнеркәсібі де өркендеуде.
Шай, ағаш өндеу, шырпы, қағаз, жасанды ташық кәсіпорындары жұмыс істейді.
Ассамның көлік, экономикалық жағдайы Калькутта қаласымен тығыз байланысты. Брахмапутра өзенімен жылына 1 млн тонна жүк тасымалданады. Мұнай кендерінен өнеркәсіпті қалаларған құбырлар тартылған.
Білім Ассам - Үндістанның білім ордасы. Ассамда келесі университетер бар: Gauhati University Dibrugarh University Tezpur University Assam University ( Силчар) Assam Agricultural University ( Джорхат) Assam Don Bosco University
Дибругархта, Силчарда, Гувахатида, Джорхатида, Барпетада медициналық колледждер және де басқа орта дәрежелі арнаулы оқу орындары бар.
Административно-территориальное деление thumb|300px|right|Ассам аймақтары Штаттың құрамына келесі аймақтар кіреді: : Бакса Барпета Бонгайгаон Гоалпара Голагхат Дарранг Джорхат Дибругарх Дхемаджи Дхубри Камруп Камруп Карби-Англонг Каримгандж Качар Кокраджхар Лакхимпур Маригаон Нагаон Налбари Качар Сибсагар Сонитпур Тинсукия Удалгури Хайлаканди Чиранг
Галерея
+center|300pxcenter|200px center|200px +center|300pxcenter|330px center|300px +center|180pxcenter|300pxcenter|160px +center|300pxcenter|330px center|300px
Дереккөздер Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том
Санат:Үндістан географиясы Санат:Үндістан тарихы