Томас Нойвирт (, 6 қараша 1988 жыл, Гмунден, Аустрия) — аустриялық поп-әнші және дрэг-квин. Кончита Вурст () деген әйел алтер-эгосымен көпшілікке мәлім. 2014 жылы Копенгагенде өткен Eurovision байқауында «Rise Like a Phoenix» әнін шырқап, дүние жүзіне аты шығады.
Өмірбаяны
1988—2005: Жастық шағы Tом Нойвирт 1988 жылдың 6 қарашасында Гмунденде дүниеге келеді. Бірақ балалық шағын Штириядағы Бад-Миттерндорф қалашығында өткізеді.http://www.heute.at/freizeit/musik/art31330,1015548 http://www.bild.de/ratgeber/2014/conchita-wurst/mann-frau-wurst-travestie-wie-fuehlt-conchita-35920270.bild.htmlhttp://www.sueddeutsche.de/medien/sieben-fakten-ueber-conchita-wurst-phoenix-mit-vollbart-1.1958350 Оның бұл жайында таулы аймақта тұрудың керемет болғандығын, алайда ол "өзгешілігі" үшін әдлетсіздікпен соқтығысқаны жайлы айтуы да бар: "Бозбала болу, гей бозбала болу, осындай кішкентай ауылда керемет нәрсе деу қиын. Мен гей қоғамның бір бөлшегімін, және де көптеген гейлердің бастан кешкені менікіне ұқсас." Кішкентайынан өзінің басқалардан өзгеше екендігін сезіп, оны өзімен бірнәрсе "қате" болғандығына жориды. Кей кезде тіпті балабақша мен мектепке белдемше кигені де болғанды.http://www.pinknews.co.uk/2014/06/12/eurovision-winner-conchita-wurst-i-was-bullied-for-wearing-a-dress-to-school/ Жасөспірімдігінде өзін жігіттерге тартатынын түсінеді. Ал 17 жасында өзін ашық геймін деп жария етеді.http://www.rp-online.de/panorama/conchita-wurst-ist-tom-neuwirth-der-mann-hinter-dem-bart-aid-1.4233145http://www.bild.de/unterhaltung/musik/conchita-wurst/conchitas-freund-lernte-sie-als-mann-kennen-35935542.bild.htmlhttp://www.blick.ch/people-tv/international/sein-freund-lernte-conchita-als-mann-kennen-jetzt-findet-er-ihn-als-frau-attraktiv-id2845056.html Алдында жазылғанындай, кішкентай ауылдың тұрғыны болып, гей болғаны үшін көптеген кемсітушілікті бастан өткереді. Мысалға, мектепте оқып жүріп, дәретханаға тек сабақ уақытында, онда ешкім болмаған кезде сұранғанын бір сұхбатында айтып кетеді. Ал тағы бірінде, ата-анасына басында бұл ауыр тигенін, дегенмен қазір оны олар 150%-ға қолдайтынын сөйлеген. Шынымен де, ата-анасы бір сұхбатта баласын "ешқашанда болмаған қызымыз" деп санайтындығын сөз қып кеткен-ді.http://www.abendblatt.de/vermischtes/promi-news/article128237184/Eltern-von-Conchita-Wurst-bekommen-Polizeischutz-angeboten.html
2006—2013: Музыканттықтың бастауында 2006 жылы жас дарындарға арналған Starmania кастинг-шоуының үшінші сезонында екінші орынға ие болады. Бір жылдан кейін Jetzt Anders! атты бой-бэндқа мүше болады, бірақ ол сол жылы тарап кетеді.http://wien.orf.at/news/stories/2602913 нобай|left|«Jetzt anders!» құрамындағы Нойвирт, 2007 жыл 2011 жылы Грацта сән мектебін бітіріп,сол жылы "Die große Chance" атты ORF каналындағы кастинг-шоуға қатысады. Шоуда бірінші рет Селин Дионның "My Heart Will Go On" атты біртуар әнін шырқап, Кончита кейпін қолданады.http://www.krone.at/Stars-Society/Krone_lueftet_das_Geheimnis_um_Conchita_Wurst-Die_grosse_Chance-Story-297187http://conchitawurst.com/bio/ Тек қана алтыншы орынға ие болғанына қарамастан, Томас Кончита образын келешек жылдары әр қилы неміс тілді телереалити-шоуларда қолданады. Мысалға, "Аустрияның ең қиын жұмыстары" () шоуында балық өңдеушісі болса, "Wild Girls – Auf High Heels durch Afrika" шоуында басқада өнер адамдарымен Намибия шөлдерінде "қиыншылықтарға" қарсы тұрады. 2012 жылы Кончита Вурст Eurovision ән байқауына ұлттық іріктеу конкурсына қатысып, екінші орынға қол жеткізеді.http://www.spiegel.de/kultur/musik/conchita-wurst-oesterreich-gewinnt-esc-eurovision-song-contest-a-968731.html
Кончита образы Пайда болуы Сақалды әйел образы Томастың басына жасөспірім кезінде кемсітушілік пен қоғамның әділетсіздігімен соқтыққанынан келіпті. Бұл образ төзімділікті дәріптеу үшін, адамды кейпіне қарап емес, оның ішкі жан-дүниесіне көңіл бөліп қана оның қандай екенін сараптаудың қажеттілігін ескерту үшін пайда болыпты.http://conchitawurst.com/index.php?id=7 Бұл қазақтағы Қожанасырдың әзіл әңгімесін еске еріксіз түсіреді. Бірақ қанша күлдіргі болса да, Қожанасыр әңгімелерінен де дәріс алуға болатыны ұмытпалық. Ол аңыз Қожанасырдың тойға жаман киіммен барып, құрметтелмей, жақсы киініп келіп, ызаланып, шапанына ет жегізгені жайлы еді.http://aldiyar.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=707:2011-08-26-09-05-21&catid=86:2011-08-23-10-51-48&Itemid=131 Нойвирттің бұл образды дүниеге әкеліп, норма мен нормаға жатпайтын нәрселердің шекарасын бұзуға әрекет жасағаны жайлы да қосуға болады. Оның өзі айтқандай: «Тек қана адам ғана маңызды, әр адам басқаға зиян тигізбесе, өзі қалай дұрыс деп есептесе, солай өмір сүруге құқылы».
Лақап аты Лақап аттың қалай пайда болды дегеннің түпкі нұсқасы болмауы да мүмкін, өйткені Томас ол жайды әртүрлі түсіндіреді. Мысалға, Кончита атын оған бірде Латын Америкасынан келген дос қызы бергенін айтса, бірде ол есім айтылғанда "Латын Америкасының сұлу қыздары ойыңа келетінінен" екендігін айтты.. Ал Вурст фамилиясының "wurst sein" деген неміс тұрақты тіркесіне шыққанын бірде айтып кеткен-ді. Ол дегеніміз - "маған бәрібір" деген мағынаны білдіреді екен.http://kurier.at/menschen/im-gespraech/conchita-wurst-ein-bart-alleine-reicht-nicht/27.066.462
Ойдан шығарылған биографияға сүйенсек, Кончитаға әжесінің құрметіне есім берілсе, әкесінің аты Альфред Кнак фон Вурст () болыпты..
Еurovision Таңдалуы 2013 жылдың 10-ыншы қыркүйегінде ORF Кончитаны 2014 жылы өткізілетін Eurovision байқауына жіберетіндерін айтты,http://www.nachrichten.at/nachrichten/kultur/Conchita-Wurst-soll-Oesterreich-beim-Song-Contest-vertreten;art16,1192384 ал ән болса "Rise like a Pһoenix" болатыны белгілі етілді.http://esctoday.com/78759/austria-conchita-releases-entry/ Бұған дейін Eurovision-ге ЛГБТ қоғамынан қатысушылар болса да, New Statesman оның қатысуы "ең гендерквир" болады деп атап өтті.
Оның таңдалуы Еуропада гей мәселесі жайлы дауды жаңа күшпен жандандыруға итермеледі. Аустрияның өзінде Facebook желісінде құрылған "Anti-Wurst" парақшасына төрт күн ішінде 31000 адам жазылады. Парақша Кончитаның өзіне емес, тек оның Eurovision ән байқауына іріктеусіз жіберілуіне қарсылық білдірсе де, көбінде онда адамдар гомофобтық және де кемсітуге толы пікірлер қалдырды.http://www.vienna.at/facebook-gruppe-macht-gegen-conchita-wurst-beim-songcontest-mobil/3723821 Баспасөз 2007 жылы Ерик Папалайа да Аустриядан іріктеусіз жіберілсе де, осыншама дау туғызбағанын айтады. 2003 жылы Eurovision ән байқауына Аустрияның өкілі болған, күлдіргіш әртіс, Альф Пойер, өзінің не әйел, не еркек екендігін білмейтіндердің орны Eurovision ән байқауында емес, жындыханада деп айтыпты. Ал Аустрияның оңшыл Бостандық партиясының басшысы Хайнц-Кристиан Штрахе оны бұл сөздеріне мақтайды.http://www.news.at/a/song-contest-hc-strache-conchita-wurst Алайда Пойер оның жеңісінен кейін кешірім сұраса, Хайнц-Кристиан Штрахе Кончитаны Facebook желісі арқылы құттықтайды.http://www.vienna.at/alf-poier-vs-conchita-wurst-nach-massiven-angriffen-nun-entschuldigung/3958623Ресей және Беларусьтен Кончитаны қатысушылар тізімінен алып тастауға петициялар түсіп, тіпті бір жағы Еуропаны либерализм содомия орталығына айналдырды деп айтқан-ды. Виталий Милонов деген ресейлік консерват саясаткер бұл жарысқа Кончитаның кесірінен бойкот жасауға шақырып, бұны "сорақы гей пропаганданың және Еуропаның рухани шіруінің айқын көрінісі", ал артистті "аустриялық ұятсыз" деп атағаны да бар." Арменияның 2014 жылғы «Eurovision 2014» ән байқауының өкілі, Aram Mp3, Нойвирттің өмір сүру салты "дәстүрлі емес" екендігін, оның өзін не әйел, не еркек екендігін шешуі қажет деп мәлімдеді. Нойвирт былай деп жауап қайырыпты: "Мен оған әйел болғым келмейтіндігін, тек қана әйел болып жұмыс істейтіндігімді, ал үйде болса жай ғана жалқау жігіт екендігімді айттым". Aram Mp3 кейінірек кешірім сұрап, алдында айтылғанды қалжың ғана еді деді.
Осындай атмосфераны сараптап, New Statesman осындай ойды жарыққа шығарады: "Кончита Вурстқа дауыс, ол ресейлік гомофобия мен трансфобияға қарсы дауыс, шығысқа бағынбаудың белгісі", ал International Business Times газет оқушыларды Вурстқа дауыс беріп, гомофобтардың сағын сындыруға шақырды . Алдыңғы айтылғандарды ескеріп, Spiked Кончитаны көптеген Батыс саясаткерлері "Батысты Шығыстан ұлырақ ететін әр нәрсенің символы" деп санайтындығын және оны Ресей мен өз елдеріндегі "жәдігөйлер мен надандарға" ашылған мәдени соғыстың құрамдас бөлігі дейді. Жеңісі 8 мамырда 59-Eurovision ән байқауының жартылай финалында "Rise like Phoenix" ("Феникс құсап оралам") әнімен 169 балл алып, бірінші орынға ие болады.http://www.eurovision.tv/page/history/by-year/contest?event=1873#Scoreboard 2014 жылдың 10-мамырында Копенгагенде өткен финалда 290 балл жинап, жеңіске қол жеткізеді.http://www.bbc.com/news/entertainment-arts-27358560 Бұл Аустрияның Eurovision ән байқауындағы екінші жеңісі болады. Бірінші рет Удо Юргенс Аустрияға жеңісті олжалайды.
{| class="wikitable sortable" style="margin:5px 0px 10px 10px; float:right; text-align:center; font-size:80%;" |+Аустрияға дауыс берудің нәтижелері |- ! Ел !! data-sort-type="number"|Жюри !! data-sort-type="number"|Теле-көрермендер !! data-sort-type="number"|Жалпынәтиже!! data-sort-type="number"|Баллдар |- | Албания || 6 || өткізілмеді. || - || 5 |- | Армения || 24 ||bgcolor = Silver| 2 || 14 || 0 |- | Әзірбайжан || 24 ||bgcolor = DarkOrange| 3 || 10 || 1 |- | Белорусь || 23 || 4 || 14 || 0 |- bgcolor = gold | Бельгия || 3 || 3 || 1 || 12 |- | Дания ||bgcolor = Silver| 2 ||bgcolor = DarkOrange| 3 || 3 || 8 |- | Эстония || 8 || 8 || 7 || 4 |- | Македония || 14 || 5 || 8 || 3 |- bgcolor = gold | Финляндия || 1 || 1 || 1 || 12 |- | Франция || 4 ||bgcolor = Silver| 2 || 2 || 10 |- | Грузия || болмады ||bgcolor = Silver| 2 || - || 10 |- | Германия || 11 ||bgcolor = Gold| 1 || 4 || 7 |- bgcolor = gold | Греция || 1 || 2 || 1 || 12 |- | Венгрия || 8 ||bgcolor = Silver| 2 || 2 || 10 |- | Исландия ||bgcolor = Silver| 2 ||bgcolor = DarkOrange| 3 || 2 || 10 |- bgcolor = gold | Ирландия || 1 || 3 || 1 || 12 |- bgcolor = gold | Израиль || 1 || 2 || 1 || 12 |- bgcolor = gold | Италия || 3 || 2 || 1 || 12 |- | Латвия || 10 || 5 || 5 || 6 |- | Литва ||bgcolor = Gold| 1 || 5 || 2 || 10 |- | Мальта || 9 ||bgcolor = Gold| 1 || 2 || 10 |- | Молдавия || 4 || 4 || 4 || 7 |- | Черногория || 17 || 5 || 9 || 2 |- | Норвегия || 4 ||bgcolor = Silver| 2 || 2 || 10 |- | Польша || 19 || 4 || 11 || 0 |- bgcolor = gold | Португалия || 6 || 1 || 1 || 12 |- | Румыния || 7 ||bgcolor = Silver| 2 || 3 || 8 |- | Ресей|| 11 ||bgcolor = DarkOrange| 3 || 6 || 5 |- | Сан-Марино || 14 || өткізілмеді || - || 0 |- bgcolor = gold | Словения || 1 || 1 || 1 || 12 |- bgcolor = gold | Испания || 2 || 2 || 1 || 12 |- bgcolor = gold | Швеция || 1 || 1 || 1 || 12 |- bgcolor = gold | Швейцария || 1 || 1 || 1 || 12 |- bgcolor = gold | Нидерланды || 1 || 1 || 1 || 12 |- | Украина ||bgcolor = DarkOrange| 3 || 5 || 3 || 8 |- bgcolor = gold | Ұлыбритания|| 3 || 3 || 1 || 12
нобай|left|2014 Eurovision ән байқауында Аустрияның пайдасына барған баллдар. Көкпен Кончитаға ең көп дауыс берген елдер.