Жасырынбақ- Б.Соқпақбаевтың балаларға арналып жазылған әңгімесі. Одан басқа да бұл автор балаларға көптеген әңгімелер жазған. Оларды төменде көре аласыз. Ішіндегі ең танымалы - Менің атым Қожа (повесть)
Қысқаша мазмұны Бұл әңгіме балалардың жасырынбақ ойнағандағы болған оқиғасы туралы. Ойыннан кейін ұлдар жасырынбақты қыз балалар да ойнай алатынын түсінеді.
Шығарма кейіпкерлері Әбдірахман - жасырынбақ ойнауды Әбдірахман шығарды. Балалардың ішіндегі ересегі осы, бесінші сыныпта оқиды. Дене тұрпаты ұзынтұралау, мінезі адуындау ақ сұр бала. Тұрбек пен Сыдық - екеуі де төртінші сыныпта оқиды. Біреу өзі тиіспесе, бұлар ешкімге шатақ іздеп ұрынбайтын басалқалы балалар. Алмабек - сотқар бала. Өз қораларының үстінде отырып алып, өткеннің барлығын рогаткасымен атып отырады. Торғайларды әбден запы етіп, үркітіп бітті. Назым - Тұрбектің қарындасы, бірінші сыныпта оқиды. Екі иығында желбірі бар, жеңсіз көк шұбар көйлек киген, топ-толық қара домалақ қыз. Көзі шегірлеу.
Тағы қараңыз Бердібек Соқпақбаев Менің атым Қожа (повесть) Шал мен Бала (әңгіме) Ұйқы келтіретін дәрі (әңгіме) Ұлтан оқиғасы Боранда (әңгіме)
Дереккөздер http://kitap.kz/
Санат:Кітаптар