Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі (7 наурыз - 6 тамыз 2014) — Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрамындағы байланыс, ақпараттандыру, ақпарат, мұрағат ісі мен құжаттама саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (7 наурыз - 6 тамыз 2014 жыл) Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығы, Астана, Ақорда, 2014 жылғы 7 наурыз № 761 . Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс. Агенттіктің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі» мемлекеттік мекемесі.
2014 жылдың 6 тамыз күні Президенттің қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Аталған жиналыста Президент Н.Назарбаев 17 министрліктің 12-сі қалатындығын және барлық агенттіктер министрліктердің құрамына кіретіндігін хабарлады. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі жаңадан құрылған ҚР инвестициялар мен даму министрлігінің құрамына кірді. Министр - Исекешов Әсет Орентайұлы. Агенттік басшысы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев министрдің орынбасары болып тағайындалдыhttp://bnews.kz/kk/news/post/221478/ ИНФОГРАФИКА: Қазақстан Республикасының министрлері.
Тарихы Агенттік 2014 жылдың 7 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Көлік және коммуникация министрлігінің негізінде құрылды. Агенттіктің төрағасы ретінде Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев тағайындалды Асқар Жұмағалиев ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып тағайындалды .
18 наурыз күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Агенттіктің басшысы Үкімет құрамына енгізілді«Байланыс және ақпарат агенттігінің басшысы Үкімет мүшесі болып тағайындалды» .
Қызметі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігіне келесі қызметтер өтті:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінен байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінен ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы функциялар мен өкілеттіктер берілді.
Ұйымдастырылуы Агенттіктің құрамында 50 адам қызмет етеді. Басшылық құрамына Төраға, оның орынбасарлары мен жауапты хатшы кіреді.
Төраға Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев
Орынбасарлары Сәкен Сейітжаппарұлы Сарсенов - бірінші орынбасар, байланыс және коммуникация саласына жауапты ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев агенттік ұжымына өзінің жаңадан тағайындалған орынбасарларын таныстырды. (ҚР Үкіметінің 2014жылғы 9 сәуірдегі №330 қаулысы) (11.04.2014 - ) Дмитрий Васильевич Голобурда - ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласына жауапты. (11.04.2014 - ) Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев - ақпарат және БАҚ өкілдерімен жұмысқа жауапты. (11.04.2014 - )
Жауапты хатшы Бек Кәрімбекұлы Арпабаев Назарбаев назначил ответсекретаря Агентства по связи и информации
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Республикасының ыдыраған агенттіктері