Лаварсаз, Лавар-Қарасу, Даярсаз – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км, алабында аумағы 20 га болатын шағын көл және ұзындығы 16 км болатын Жіңішкесу (Жіңішкебұлақ, Тамды) саласы бар.
Бастауы Бастауын Қорам ауылынан шығыста 8 км жердегі Бөшке деп аталатын сазды-батпақты қоныс аумағындағы қайнардан алып, Даярсаз қонысынан төменде Сенсембай-Қарасу өзеніне сол жағынан құяды. Одан әрі Торғай сайы бойымен ағып, Іле өзеніне (Қапшағай су қоймасы) құяды. Жоғарғы ағысында Қарасу, ал Лавар ауылынан бастап Лавар деп аталады.
Этимологиясы Лабар гидронимін Э.М.Мурзаев парсы, лаб "ерін", "жағалау, жар" сөзінен жасалғанын атап көрсетеді. Ал, екінші сыңары ар/ер көптеген тілдерде "су, өзен" мәнін беретіні дәлелденген.
Гидрологиясы Арнасы толығымен дерлік жазық өңірмен өтеді. Сол жағалауының басым бөлігі жарлауытты келген. Бастауынан Сенсембай-Қарасу өзеніне дейінгі жағалау бойында тал, шілік, жүзгін, жиде, т.б. ағаштардан, бұталардан тұратын тоғай қалыптасқан және жағалауында қамыс, құрақ қалың өскен. арнасында жыл бойы су болады. Суында балық бар. Жыл құстары және т.б. құстар ұя салады, мекендейді. Өзен бойында Қорам, Лавар ауылдары және қыстаулар мен қоныстар жайласқан. Алабы - мал жайылымы және шабындық. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Іле су алабы Санат:Еңбекшіқазақ ауданы өзендері