Мартышкалар тұқымдасы () — тар танаулы маймылдардың көбірек тараған тобы. Бұлардың ұрты жақсы жетілген ұрт қалтасы, ұзын құйрығы, жамбас сірісі болады. Оның 140-тан астам түрі Африкада, Азияда, Еуропада тараған. Екі тұқымдас тармағына бөлінеді: Cercopithecinae - Мартышалар (тұқымдас тармағы) Colobinae.
Нағыз мартышкалар () негізінен ормандарда тіршілік етеді. Бұлар тропиктік ормандарда топтанып жүріп, өсімдікпен қоректенеді.
Павиандар () — көбінесе үңгірлерді мекендейтін, жартасты тауда болатын организмдер. Әр түрлі заттармен қоректенеді. Кейбір түрлері сүтқоректілерге де шабуыл жасайды. Негізгі таралу аймағы — Африка.
Макакалар () Оңтүстік Азияның орманды жерлерінде өмір сүреді. Көбінесе павиандар секілді таудың тасты жерлерін мекендейді«Омыртқалылар зоологиясы», С. П. Наумов, „МЕКТЕП“ баспасы, 1970, бет 257..
Тағы қараңыз Тар танаулы маймылдар
Дереккөздер
Санат:Приматтар