Шалғындық қарақас ( - 70 сантиметр шамасында ) шалғындық Қарақас едәуір ірі тәрізді болып көрінеді. Жоны - біркелкі сұрғылт қоңыр, төсі - сұрғылттау, бауыры және құйрық-үсті - ақ, тамағында қара жолақпен жиектелген қызыл-сары теңбілі бар. Қанатының асты (астары) - ашық-қызылсары немесе сарғылт, бұл түрді ажырататын белгі болып саналады.
Еуропа және Африканың шөл және шөлейтінде қоныстанады. Қазақстанда барлық оңтүстік жартысын бойлай кездеседі. Сан алуан суқоймаларынан онша ұзамай қоныстанып орнығады. Төсенішсіз шұңқыр жердегі (ол ылғалды болуы да мүмкін, сор немесе кепкен өсімдіктер қоршауында орналасады) көбінесе бар болғаны үш жұмыртқаны ата-енесіне жауынан аянбай қорғап басады. Құс мазасын бұзушыға жағымсыз қатты айғаймен бірлесіп шүйіле шабуыл жасайды.
Тек қана бунақденелілермен қоректенеді. Олар қыстайтын Африкада шалғындық Қарақастарды шегіртке жегіш құстар деп атайды. Қарақастар едәуір кеш ұшып келеді (Сәуірде), тамыздың соңында ұялайтын орындарына ұшып кетіп те үлгередіҚазақстан жануарлары сериясы
Дереккөздер
Санат:Татреңтәрізділер Санат:Еуразия құстары Санат:Африка құстары