Монахоидес акулеатасы — саны азайып бара жатқан түр. Алтай жергілікті түрі. Олигоценде Алтай тауында сақталған ежелгі фауна өкілі. Жоғарғы Катунск маңынан табылған. Теңіз деңгейінен 1800-2300 м биіктіктегі балқарағай орманымен жабылған тау баурайларында тіршілік етеді. Шөптесін өсімдіктерде, өсімдіктер қиқымында болады. Жекелеген топтарда саны аз. Таралу аймағының жекелеген бөліктерінде түрдің жоғалып кету қаупі бар. Тау жайылымдарын қарқынды меңгеру, әсіресе тау алаңқайларында малды шектен тыс бағу түр популяциясына кері әсерін тигізіп отыр. Орман мен шалғын өрттерін болдырмау, ағаштар мен бұталарды кескізбеу, малды шектен тыс баққызбау түрді сақтауға көмегін тигізеді. Тіршілік мекендерін қоршау және түрді таралу аймақ аралық жерсіндіру шараларын іске асыру керек. Дереккөздер
«Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005