Карминді айлаулықтар сымыры (Porphyrophora arnebiae) – айырқұйрықтылар тұқымдасына жататын кошениль жәндік, тар эндемикті, сирек кездесетін түр. Тек қана Оңтүстік Қазақстанда таралған: Арыс маңынан (Дәрменеден) табылған. Өзбекстаннан да белгілі. Қазақстанда цитвар жусанының ( Artemisia cina) егістігінен жиналған. Түрді қорғау үшін табиғи тіршілік ортасында шағын қорықшалар ұйымдастыру қажет.

Дереккөздер

«Ғажайып омыртқасыздар, Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен» И. Д. Митяев, Р. В. Ященко, В. Л. Казенас, Алматы 2005

Санат:Сымырлар