Пароди Джованни (4.8.1889, Аккуи, Пьемонт,-16.12.1962, Турин)- итальян жұмысшы қозғалысының қайраткері. 1909 ж. соц. партия қатарына өтті. Турин кәсіпорындарында фабрика-завод советтерін тұңғыш ұйымдастырушыладың бірі. Компартияның (1921) негізін қаласты, оның ОҚ-не сайланып, секциясын, Генуя ұйымын басқарды. Саяси қызметі үшін бірнеше рет түрмеге отырып, елден кетіге мәжбүр болды. 1945ж. Жалпыға бірдей итальяндық еңбек конфедерациясы басқару комитетінің мүшесі және металшылар федерациясының бас секретары болып сайланды. 1945-51ж. ИКП ОК-нің, 1951-62ж. ИКП Орталық Бақылау Комиссиясының (ОБК) мүшесі.

Дереккөздер Қазақ Совет Энциклопедиясы