thumb|Компсогнат Компсогнат — Юра дәуірінің ең шаған динозавры. Ол артқы аяқтарымен жүгіретін жүйрік жануар болған. Тауықтың көлеміндей компсогнаттың құйырығын қоса есептендегі ұзындығы 1 метрге жетпеген. Салмағы бар-жоғы 4 келіден аспайды. Салмағы жеңіл болғандықтан тез жүгірген. Жіңішке мойыны — компсогнаттың ең кішкентай дене бөлігі. Басы, мойыны мен денесінің ұзындықтарын бірге қосса да құйырығының ұзындығы шықпайды. Бассүйегінің қалдықтарымен бірге өткір тістері табылған. Қызықты дерек Компсогнат — аяқтарында үш башпайы бар құс секілді динозавр. Компсогнат — ежелгі археоптерикс атты құстың ең жақын туысы. 1850 жылдың соңында Оберндорфер деген ғалым Германияның оңтүстігіндегі Риденбург және Кельхайм аймақтарынан компсогнаттың қалдықтарын тапты. Мәліметтер Қорегі : ұсақ жануарлар Салмағы : 3 келі Тұқымдас : Компсогнатид Отряд тармағы : Теропод Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы Дереккөздер
Санат: Динозаврлар Санат: Зоология
