Тесіктас – Ерейментау тауларының шығыс сілемі, Қойтас тауының жалғасы.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау. Аудан орталығы – Ерейментау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 36 км, Өлеңтінің сол жақ жағалауында, Астана қаласынан шығысқа қарай 200 км жерде орналасқан.
Жер бедері, геологиясы Абсолюттік биіктігі 560 м. Батыстан шығысқа қарай ұзындығы 5 км, ені 2 км-ге созыла орналасқан. Беткейі сай-салалармен тілімденген ордовиктің жыныстарымен жабылған.
Өсімдігі Қара қоңыр топырағында қараған, тобылғы өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары