Мамай Пірманшаев (1.2. 1947 жылы туған, Жалағаш ауданы ) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылыми доктор (1996), профессор (1994). Қытай экология, экономика университетінің профессор (1999). 1969 Целиноград ауыл шаруашылық институтын (Ақмола аграрлық университеті) бітірген (1969). 1969 – 1970 жылдары Жалағаш ауданы «Жаңадария» кеңшарында зоотехник-селекционер, 1970 – 1971 жылдары Қазақстан ауыл шаруашылық министрлігі Түркістан облысындағы мал асылдандыру мекемесінде аға зоотехник, 1974 – 1980 жылдары Қазақ Қаракөл қой шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының Жамбыл бөлімшесінде ғалым хатшы, бөлім меңгерушісі болды. 1980 – 2000 жылдары Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында (ҚазҰАУ) оқытушы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, факултет деканы қызметтерін атқарды. 2000 – 2004 жылдары Халықаралық Қытай-Қазақ университетінің ректоры. 2004 жылдан директорлар кеңесінің төрағасы. Ғылыми еңбектер Ғылыми еңбектері Қазақстан және ҚХР-нда қаракөл қойларын өсіру, тұқымын асылдандыру мәселелеріне арналған. 200-ге жуық ғылыми еңбектің, 1 оқулықтың, 10 өнертапқыштық куәліктің авторы. Марапаттар «Жоғары оқу орнының үздік мұғалімі» орденімен марапатталған (1987)."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>

Санат:Әдебиет Санат:1947 жылы туғандар