Кеңістік механизм – кинематикалық буындарының қозғалысы ортақ жазықтыққа параллель болмайтын механизмдердің ( жазық механизмнен басқа )жалпы аты. Кеңістік механизмнің техникада жиі пайдаланылатын түрі – сфералық механизмдер (мысалы, конус тәрізді тісті доңғалақты механизм, универсал топсалы механизм т.б. ). Сонымен қатар өзара қиылысқан осьтерді айналдыруға арналған тісті механизмдер (тісті винттік (червякты) беріліс, винттік доңғалақты механизм, гипоидты беріліс т.б.) және жұдырықшалы механизмдер де Кеңестік механизмге жатады. Кейбір приборлар мен механикалық құрылғыларда рычагты Кеңестік механизмдер пайдаланылады.

Дереккөздер

М.Қ.Қаратаев, Қазақ совет энцеклопедиясы. 4 том.