Балтырлық — жауынгердің балтырын қорғайтын жарақ түрі.Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х Сауыт пен шалбарша кигенде тізеден төмен қорғаусыз қалатындықтан, балтырға арнайы қалың былғары астарға жұқа металл (қола, жез, темір) таспаларды көбелеп, қайыспен тігіп не темір шегелермен бекітіп жасаған балтырлық киеді. Балтырлықтың кейбір үлгілері балтырмен бірге аяқтың үстін де жауып тұруы мүмкін. Кейбір балтырлықтар металдан тұтастай соғылып та, тақташалары шығыршықтармен өріліп те жасалады. Көшпелі халықтардың бейнелеу өнерінен аяғына балтырлық киген жауынгерлерді көруге болады. Қазақ Энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат: Соғыс қарулары