Корольдік қарсы гамбит. Талдау жасауды өнертапқыш Фалькбердің есімімен белгілі болған Корольдік қарсы гамбитпен аяқтаймыз.Қарсы гамбит орталықтан соққы жасайды.Екі жақтың да пешкалары майдан даласындағы рыцарлар сияқты «Бетпе-бет шабсуда»кездеседі. 1.е2-е4 е7-е5 2.f2-f4 d7-d5 Қара жағы инициативаға ие болуға,ақ жағы фигуралардың дамуын тоқтатуға әрі орталықта тиімді айырбасты бастауға ұмтылуда. 3.e4:d5 e5-e44.d2-d3 kg8-f6 5.kb1-d2 e4:d3 6.Cf1:d3 Kf6:d5 7.Фd1-e2+ Cf8-e78.Kd2-e4 0-0 ''' Жайғасым тұрақтанды. Алда миттельшпильде шиеленіскен күрес күтіп тұр. Жас шахматшы энциклопедиясы. / Бас ред. Б. Ө. Жақып.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 ISBN 9965-893-72-1 Дереккөздер

Санат:Шахмат Санат:Ашық дебюттер Санат:Гамбиттер