Петровский Артур Владимирович (1924-2005) - орыс психологі, академик. Ресей білім академиясының президенті. Психология тарихы, педагогикалық, әлеуметтік психология салаларынан 2000-ға жуық ғылыми мақаланың, 30-ға жуық жеке еңбектердің (оқулық, монография т.б.) авторы. Жиырмаға жуық еңбектері шетел тілдеріне «қытай, вьетнам, болгар, неміс т.б.) аударылған. Негізгі еңбектері «Совет психологиясының тарихы» (1966) «Жас және педагогикалық психология» (1979) «Жалпы психология» (1970- 2004) «Әлеуметтік психология» (1986) «Психологияның жапы теориялық мәселелері» (2001) т.б. Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б. Ө. Жақып — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011 ISBN 9965-893-71-3 Дереккөздер
Санат:1924 жылы туғандар Санат:2005 жылы қайтыс болғандар Санат:Психологтар