БЖБГ патогенезінде салыстырмалы қарашық бөгемесі нәтижесінде нұрқабық түбірінің алдыңғы камера бұрышының бөгелуі жатады. Қарашық бөгемесі көзбұршақтың алға қарай орналасуынан туындайды. Бұл кезде нұрқабық көзбұршаққа тығыз жатады да, артқы камерадан алдыңғысына қарай сұйықтықтың өтуін қиындатады. Бұл артқы камераның қысымының жоғарылауына және нұрқабықтың алға шығуына (бомбаж) әкеледі. Алдыңғы камераның бұрышы тарылған көздегі нұрқабықтың алға шығуы оның жартылай не толық бөгелуіне алып келеді, нәтижесінде КІҚ тез жоғарылауы туындап, жіті немесе жітілеу глаукома ұстамасының клиникалық көрінісі орын алады. БЖБГ ұстамасы 45–50 жастан асқан, көзінің алдыңғы камералары ұсақ және бұрышы тарылған адамдарда туындайды. Ұстаманың негізгі себебіне қарашықтың ұлғаюы, тамырлы қабықтың қанмен толығуы және сулы ылғал секрециясы жылдамдығының күрт жоғарылауы жатады. БЖБГ диагностикасы Глаукоманың жіті ұстамасын анықтау қиындық тудырмайды. Науқас көзі мен басының ауыруына, көрудің бұлыңғырлануына, күн көзіне қарағанда дөңгелек сызықтардың көрінуіне шағымданады. Қарағанда көз алмасы тамырларының иньекциясы, мөлдірқабықтың ісінуі, тарылған алдыңғы камера, кеңейген қарашық көрінеді. Көзді пальпациялағанда көз қатты, КІҚ 40–50 с.б.б. дейін жоғарылайды. БЖБГ емі Глаукоманың жітілеу ұстамасында алдыңғы камера бұрышының толық емес бөгемесі және клиникалық белгісі дәл сондай, бірақ айқындылығы төмендеу болады. Глаукоманың жіті ұстамасының емі қарқынды түрде офтальмогипотензиялық дәрілерді (пилокарпиннің 1–2% ерітіндісі, тимололдың 0,5%, трусоптың 2% ерітіндісі тамшы түрінде, ішке диакорб және глицерол) қабылдаудан тұрады. Келесі ұстаманың алдын алу үшін, қысымды төмендеткеннен соң, хирургиялық немесе перифериялық лазерлі иридэктомиялық жүргізіледі. Созылмалы БЖБГ емі БАБГ еміндегідей болады.В.Н.Ярыгина, А.С.Мелентьева. «Руководство по геронтологии и гериатрии», Клиническая гериатрия. Москва, 2008. Байланысты беттер Қарттарда көрудің өзгеруі Көз Глаукома Біріншілік ашық бұрышты глаукома (БАБГ) Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Біріншілік жабық бұрышты глаукома (БЖБГ) · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.