Салқын тағамдар Түсініктеме Қазақтың ұлттық салқын тағамдары мол болған. Бірақ оның кейбіреуі ғана болмаса дені ет өнімдерінен дайындалған. Мәселен, әсіп, бұжығы, қазы, қарта, жал, жая, піскен өкпе, бауыр, сүр ет, құйрық – бауыр, ішек – қарын секілдісалқын тағамдар ұлттық дастарханымыздың сәні. Оның үстіне бұл тағамдар ыстық күйінде де, салқын күйінде де тұтыныла беріледі. Қазір салқын тағамдар түрі, соған орай оның саны да күн сайын көбейіп, молайып келеді. Көптеген салқын тағамдардың құрамына көкөністер, көктер, дәмдеуіштер енеді. Ал олар витаминдердің, минералды тұздардың бірден бір көзі болып табылады. Мәселен, салаттар асып пісірген, тұздалған, маринадталған және жас көкөністерден, жемістерден дайындалады. Салаттар қоректік заттарының молдығымен ғана емес, сонымен бірге асқазан – ішек жолдарынан сөлдің бөлінуін күшейткіш ретінде де құнды. Асығыс уақытта тез тамақтана қоюға немесе жол азық ретінде алып шығуға ыңғайлы, оның үстіне дайындалуы да оңай тағамның ең негізгісі бутербродтар. Бутербродты кез – келген өнімнен, мәселен, көкөністен, жемістен, жұмыртқадан, еттен, балықтан, майдан, уылдырықтан, ірімшіктен, т.б. дайындауға болады. Соған орай ол – май, витамин, белок, минералды тұздары мол, организмге пайдалы тағам. Бұл бөлімде бүгінгі қазақ дастарханының салқын тағамдарын дайындау технологиясы жайлы сөз болады. Дереккөздер= Садықов Б.Х. "Ақ дастарқан"
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Салқын тағамдар · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.