Александр Дементьевич Гарагаш (15 шілде 1906, Екатеринослав, Екатеринослав губерниясы, Ресей империясы — 24 қаңтар 1976, Мәскеу, КСРО) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері.
Өмірбаяны 1906 жылы 15 шілдеде Екатеринослав қаласында туды. 1927 жылдан бастап БК(б)П мүшесі.
1928 жылға дейін Украина ЛКЖО округтік комитетінің Құрылысшылар одағы округтік бөліміндегі өкіл болып жұмыс істеді.
1928 жылдан бастап ЖШҚӘ қатарында әскери борышын өтеді.
1930 жылға дейін жұмысшылар факультетінің тыңдаушысы болы.
1930 жылдан бастап Днепропетровск зауыттарында жұмысшы болып жұмыс істеп, 1931-1932 жылдары Мәскеудегі Шығыс халықтары институтында оқыды. Бірақ бітірмеді.
1933—1937 жылдары Кеңшар саяси бөлімі басшысының орынбасары, басшысы қызметтерін атқарды.
1937—1938 жылдары Алматы облысындағы Қазақстан К(б)П Сарқан аудандық комитетінің 1-хатшысы болып еңбектенді.
1939—1941 жылдары Ақмола облыстық жер бөлімінің басшысы болып істеді.
1941 жылы Ақмола облысындағы Қазақстан К(б)П Молотов аудандық комитетінің 1-хатшысы болып еңбек етті.
1941—1943 жылдары Қазақстан К(б)П Ақмола облыстық комитетінің хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1943 жылы Қазақстан К(б)П Қызылорда облыстық комитетінің 2-хатшысы болып күн көрді.
1943—1951 жылдары Қазақстан К(б)П Семей облыстық комитетінің 1-хатшысы болып жұмыс істеді.
1951—1954 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының 1-орынбасары қызметін атқарды.
1954—1957 жылдары Қазақ КСР ет және сүт өнімдері өнеркәсібі министрі болып еңбектенді.
1957 жылдан — 1963 жылдың қаңтарына дейін Қостанай облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып істеді.
1963 жылы зейнетке шықты.
Қазақстан компартиясы 3-11 съездерінің делегаты, ОК мүше болып сайланды. 1951—1954 жылдары Қазақстан компартиясы ОК Бюро мүшесі.
1938—1967 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болдыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
Сілтеме Александр Гарагаш. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қостанай облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан компартиясы ОК Бюро мүшелері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:КОКП XXII съезінің делегаттары Санат:Қазақстан КП аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Ақмола облыстық комитетінің хатшылары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:КСРО-ның дербес зейнеткерлері