Саурықсай – Теріскей Алатауының сілемі, Меридиан жотасының батыс беткейіндегі күрделі аңғарлық мұздық.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданында орналасқан. Мұздықты 1915 жылы геолог В.В.Резниченко ашқан. Мұздықтан Байынқол өзенінің сол саласы – Саурықсай өзені бастау алады.
Сипаты Ұзындығы 5,1 км, оның ішінде ашық жері 4,8 км. Жалпы ауданы 7,9 км², мұзқар (фирн) алаңы 4,2 км², ашық жатқан тілі 3,5 км², борпылдақ жыныстар жапқан бөлігі 0,2 км². Мұзқар сызығы 3920 м биіктікте, мұздықтың ашық жатқан тілі 3480 м биіктікте аяқталады. Орташа қалыңдығы 76 м, көлемі 0,6 км³.Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы, 1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 61-бет
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы мұздықтары Санат:Теріскей Алатауы