1) психологияның пәні, сана элементтері және олардың арасындағы арнайы жаттыққан интроспекция арқылы табылатын құрылымдық қатынастар деп санаған бағыт. XX ғ. басында пайда болды. Америкалық психолог Э.Титченер (1867-1927) негізін салды. Сана құрылымында элементтердің үш санаты: түйсіну, бейне және сезім сараланды. Бірақ қабылдаудың заттық сипаты мойындалмады. Құрылымдық психологияны гештальтпсихология, функциялық психология, бихевиоризм мектептері сынады;
2) Ж.Пиаженің когнитивті даму теориясы; Э.Титченер теориясынан өзгешелігі – мұнда Ж.Пиаже зияттың негізінде жатқан ой түсініктерінің құрылымдарын қарастырады;
3) Клод Леви-Стростың антропологиялық-социологиялық ықпалы. Мұнда әлеуметтік ұйымдасу мен әлеуметтік құрылымдар қарастырылады.Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев “Психология энциклопедиялық сөздік”, Алматы, 2011 Дереккөздер
Санат:Философия