нобай|216x216 нүкте|Конго Демократиялық Республикасында бұршақ өсіру (Солтүстік Киву провинциясы) Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы, оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни, натуралды дегеніміз - адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілірі мыналар: өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым, өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Алайда «өндірістік - тұтындық» - принципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік нарықтан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес. Рамазанова Г.Б, “Экономиялық теория негіздері”, Павлодар, 2013
Тағы қараңыз Дәстүрлі экономика
Дереккөздер
Санат:Экономика түрлері Санат:Ауыл шаруашылығы экономикасы Санат:Экономикалық терминдер Санат:Автаркия