О́рхус () — Дания мемлекетіндегі ірі қалалардың бірі.Ютландия түбегінің шығысында,Орхус-Бугт шығанағының жағасында орналасқан. Орхус коммунасының әкімшілік орталығы. Халқы — 310 956 адам (2011) Kommuner på landkortet — Danmarks Statistik
Тарихы Алғашқы рет 948 жылда атап өтілді. X—XIII ғасырларында католик орталығы ретінде тез дами бастады, бірақ кейін көп уақытқа құлдырап қалды. XIVғасырында оба ауыры бүкіл қала бойынша таратылды. XIX ғасырда теміржол орнатылғаннан кейін, Орхус қаласының экономикасы түзіле бастады.
Экономикасы Орхус қаласы — сауда-өнеркәсіптік орталығы, теміржол торабы. Машина жасау (Danfoss компаниясы), химиялық, тоқыма, тамақ өнеркәсібі дамыған. Сонымен қатар, Орхус қаласында Arla Foods дат-швед компаниясының штаб-пәтері орналасқан. Arla Foods — сүт өнімдерінің ірі өндіруші компанияларының бірі..
Мәдениет
Орхус қаласында Орхус университеті (1928 жылы құрылған), опера театры, ботаника бағы орналасқан.
Атақты жергілікті адамдары мен тұрғындары Вероника Мортенсен — джаз әншісі. Бьёрн Страуструп — C++ бағдарламалау тілінің авторы. Людвиг Шитте — композитор және пиано ойнаушы, Листаның оқушысы, көрнекті оқытушы. Йенс Кристиан Скоу — ғалым, Нобель сыйлығының лауреаті(1997). Габриэль Аксель — кинорежиссёр.
Спорт 2006 жылда Орхус қаласында жазғы спорттық бағдарлау бойынша әлем чемпионаты өтті.
Туыстас қалалар Охус қаласының туыстас қалалары белгіленген:
Берген, Норвегия Гётеборг, Швеция Какорток, Дания Санкт-Петербург, Ресей (1989) Турку, Финляндия Харбин, Қытай
Әріптес қалалар Росток, Германия Нови-Сад, Сербия
Сілтемелер
Қаланың ресми сайты Туристік ресми сайты Қаланың сипаты
Санат:Дания Санат:Орхус Дереккөздер