Қосалбай – Арал қарақұмының солтүстік-шығысындағы құмды алқап.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының оңтүстік-батысында 56 км жерде орналасқан.
Сипаты Ең биік жері 148 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км-ге созылған, енді жері 6-7 км шамасында. Төбелі, белесті құмды жалдардан тұрады. Жер асты тұщы суының жоғары деңгейі 2-3 м тереңдікте. Солтүстігінде Сарманқожа, оңтүстігінде Мойынқұм құмдары, батысында Айғырбек төбесі, шығысында Алтынсары қонысы бар. Қосалбай бойында Нарөлген, Наушабай, өзімен аттас құдықтар орналасқан.
Өсімдігі Құм мен сортаң аралас қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, қияқ, сарсазан, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау облысы құмдары