Бақша қараоты (лат. Portulaca olerаcea)Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 - қараоттар тұқымдасы, қараот туысына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипты thumb|left|180px| Биіктігі 10-35 см. Сабағы етжеңді, жайылып өседі. Түбінен бастап бұтақтанады. Жапырақтары қондырмалы, ұзынша сына тәрізді, ұшы доғал, түбіне қарай жіңішкерген, жоғары жағында қарама-қарсы кезектесіп орналасқан. Жапырағының ұзындығы 1-2 см, ені 1 см-ге дейін, етжеңді. Гүлі майда, жапырақ қолтығынан дана немесе 2-3 -тен топтасып жетіледі. Тостағанша жапырақтары шөптесін, күлтелері сары түсті. Аналығы ұзын. Маусым-қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі жұмыртқа тәрізді немесе дөңгелек шар тәрізді қауашақ, ұзындығы 5-8 мм. Тұқымы бүршік тәрізді, қара қоңыр түсті. Мал жемейді.

Өсетін жері мен таралуы Жер бетінде тропиктік және субтропиктік аймақтарында таралған. Қазақстанда Каспий маңында, Балқаш-Алакөл ойысында, Іле, Күнгей, Қырғыз Алатауларында кездседі. Өсетін жері - өзендердің құмды жайылымдары, егістіктер, бақшалар, алаңқайлар.

Қолданылуы thumb|right|180px|Гүзардағы мәдени сәндік түрі Медицинада бақша қараотының дәні және жапырағынан жасалынған дәрілер бүйрек, бауыр, т.б.ауруларға қарсы ем үшін пайдаланылады. Аспаздықта шикідей, пісірлген және маринадталған түрінде тамақ дайындау барысында қолданылады. Мәдени сәндік түрі гүлзарларда өсіріледі.

Дереккөздер

Санат:Қараоттар Санат:Қазақстан флорасы Санат:Дәрілік өсімдіктер