Салалы қоқтын (лат. Biebersteinia multifida)Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5 - қазтамақтар тұқымдасы, сапиндгүлділер түрі, қоқтын туысына жататын көп жылдық өсімдік.
Ботаникалық сипаты Биіктігі 15-40 (50) см, сыртын түк және бездер басқан. Тамыры жұмырланып жуан келген, тамыр мойнын қоңыр қабық тәрізді қабыршақ жапқан. Сабағы жуан, төменгі жағы қара қоқшыл түсті, жоғарғы бөлігі бұтақталған. Түкті жапырағы қандауыр тәрізді, ұзынша сүйір бөліктерге тілімделген, құба түсті бөбешік жапырақтары қабықшалы. Гүлдері сабағы мен бұтақтарының бас жағында шашақты селдір гүлшоғырына топтасқан. Гүл жапырағы жұмыртқа немес желпуіш тәрізді ұлпалы тілімдерге бөлінген, жемістенген кезінде ұлғаяды. Күлтесі сары, қызғылт сары түсті, ұзындығы 5-8 мм, ұш жағы қатты тілімделген. Аталық жіпшелері жалаң немесе сирек жағдайда кірпікшелі. Жемісі тықыр, сырты қатпарланған. Сәуір-мамыр айларында гүлдеп, маусымда жемістенеді.
Өсетін жері мен таралуы Қазақстанда Солтүстік және Оңтүстік Үстіртте, Бозащы түбегінде, Маңғыстау тауларында, Арал маңында, Бетпақдала, Мойынқұм, [Қызылқұм (шөл)|[Қызылқұм]] шөлдерінде, Жетісу, Іле, және Күнгей Алатауларында, Шу-Іле тауларында, Қаратау жотасында өседі. Өсетін орны - таудың ұшар басы, тасты баурайлар, жартастар, сазды жерлер, тақыр және шөл далалар.
Дереккөздер
Санат:Қос жарнақтылар Санат:Қазақстан флорасы