Футболдан әлем чемпионаты 2014 финалы — 2014 жылғы 13 шілдеде Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында, Маракана стадионында өткен 2014 жылғы әлем чемпионатының финалдық кездесуі. Матч Германия және Аргентина құрамаларының арасында өтті.
Ойын жергілікті уақыт бойынша (UTC-3) сағат 16:00-де басталды.
Матч 1:0 есебімен Германия құрамасының қосымша уақыттағы жеңісімен аяқталды.
Кездесу тарихы Осы матчқа дейін бұл құрама жалпы 20 рет кездескен, оның ішінде немістердің қанжығасында — 6 жеңіс, ал аргентиналықтарда — 9, сондай-ақ 5 матчта қос құрама теңбе-тең түскен. Құрамалар 6 мәрте әлем чемпионаттарының аясында кездесті, соның ішінде 2 рет финалда: Футболдан әлем чемпионаты 1958, 1 топ, 1-тур: ГФР − Аргентина − 3:1 Футболдан әлем чемпионаты 1966, 2 топ, 2-тур: ГФР − Аргентина − 0:0 Футболдан әлем чемпионаты 1986, Финал: ГФР − Аргентина − 2:3 Футболдан әлем чемпионаты 1990, Финал: ГФР − Аргентина − 1:0 Футболдан әлем чемпионаты 2006, ширек финал: Германия − Аргентина − 1:1 (пен. 4:2) Футболдан әлем чемпионаты 2010, ширек финал: Германия − Аргентина − 4:0
Бұл қос құраманың 3:1 есебімен Аргентинаның жеңісімен аяқталған соңғы кездесулері 2012 жылғы 15 тамызда Франкфуртте өтті.Жолдастық матч. Германия - Аргентина (1:3) 15 тамыз 2012
Финалға жолдама ГерманияРаундАргентинаҚарсыласЕсепТоптық кезеңҚарсыласЕсеп 4:01–матч2:12:22–матч1:01:03–матч3:2Футболдан әлем чемпионаты 2014. G тобы КомандаГермания32107—2+57АҚШ31114—404Португалия31114—7−34Гана30124—6−21НәтижекестесіФутболдан әлем чемпионаты 2014. F тобы КомандаАргентина33006—3+39Нигерия31113—304Босния және Герцеговина31024—403Иран30121—4-31ҚарсыласЕсепПлей-оффҚарсыласЕсеп2:1 (қ.у)1/8 финал1:0 (қ.у)1:01/4 финал1:07:11/2 финал0:0 (пен-4:2)
Матч статистикасы
Қақ 1 Мануэль НойерҚор 16 Филипп Лам (к)Қор 20 Жером БоатенгҚор 5 Матс ХуммельсҚор 4 Бенедикт Хёведес ЖҚ 23 Кристоф Крамер ЖҚ 7 Бастиан Швайнштайгер ЖҚ 13 Томас МюллерЖҚ 18 Тони КроосЖҚ 8 Месут Өзіл Шаб11 Мирослав Клозе Алмасулар:Шаб 9 Андре Шюррле Шаб 19 Марио Гётце Қор 17 Пер Мертезакер Жаттықтырушы:Йоахим Лёв300px Қақ 1 Серхио РомероҚор 4 Пабло СабалетаҚор 15 Мартин ДемичелисҚор 2 Эсекьель ГарайҚор 16 Маркос РохоЖҚ 6 Лукас БильяЖҚ 14 Хавьер Маскерано ЖҚ 8 Энцо Перес ЖҚ 22 Эсекьель Лавесси Шаб 10 Лионель Месси (к)Шаб 9 Гонсало Игуаин Алмасулар:Шаб 20 Серхио Агуэро Шаб 18 Родриго Паласио ЖҚ 5 Фернандо Гаго Жаттықтырушы:Алехандро Сабелья
Матч ойыншысы: Марио Гётце (Германия)
Төреші көмекшілері: Ренато Фаверани (Италия) Андреа Стефани (Италия) Резервтік төреші: Карлос Вера (Эквадор) Резервтік төреші: Кристиан Лескано (Эквадор)
Фотогалерея
Қызықты мәліметтер Финалда Аргентинаны ұтқан Германия құрамасы бұрын-соңды Оңтүстік Америка жерінде өткізілген әлем чемпионатын жеңген алғашқы еуропалық құрама болып тарихқа енді.Алғашқы еуропалық жеңімпаз Марио Гётце өзінің 22 жас (және 39 күндік) шағында футбол тарихында соңғы 48 жыл ішіндегі әлем чемпионатында гол соққан ең жас футболшы атағына ие болды.Гетце әлем чемпионатының тарихына енді Финалдың бірінші таймда Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Кристоф Крамер басынан соққы алып, Крамердің орнына Андре Шюррле шықты. 1990 жылы өткен футболдан әлем чемпионатының финалында да ГФР мен Аргентина кездесіп, тура осындай 1:0 есебімен ГФР әлем чемпионының атағына ие болған. Чемпионатта алғаш рет біріккен Германия құрамасы жеңіске жетті.
Дереккөздер
Санат:Футболдан 2014 жылғы әлем біріншілігі Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойындары Санат:2014 жылғы футбол Санат:Футболдан әлем біріншілігінің финалдары