Мақат Кәбірұлы Садықжурналист, қоғам қайраткері. Іскер әкімшілік докторы, Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі.
Өмірбаяны 1965 жылы 19-ақпанда туған.
Білімі ҚазМҰУ-дың журналистика факультеті РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы Академиясы Халықаралық Бизнес Академиясы
Қызметтік өтілі Еңбек жолын 1989 жылы Қазақ радиосының тілшісі болудан бастады. Кейін Қазақ телевизиясында бағдарламалар жетекшісі. 1995 жылы «Хабар» агенттігінде редактор, комментатор, «Жеті күн» бағдарламасының авторы, жүргізушісі болды. 1997 жылы «Хабар» агенттігінің атқарушы продюсері, Астанадағы филиалының жетекшісі. 1999 жылы «Қазақстан» телеарнасында ақпараттық бағдарламалардың бас редакторы, «Үш анық» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі. 2000-2005 жылдары «Қазақстан Президенті Телерадиокешенінің» бас директоры. 2005-2006 жылдары «Makhat – Студия» ЖШС Бас директоры, «Фототелерадио» журналының бас редакторы. 2006-2007 жылдары ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары. 2007-2008 жылдары ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі. 2008 жылы ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі. «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы «Астана» радиосының директоры қызметтерін атқарған.
Марапаттары Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының, «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері, Қазақстан Президенті степендиясының иегері.
Еңбектері «Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» кітабының, 25 деректі фильмнің авторы.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер «Қазақстан» РТРК» АҚ ресми веб-сайты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ресми веб-сайты Қазақ радиосының ресми веб-сайты «Шалқар» радиосының ресми веб-сайты «Астана» радиосының ресми веб-сайты «Classic» радиосының ресми веб-сайты
Санат:Қазақстан (телеарна) Санат:Қазақстан журналистері