Жаманты – Жетісу Алатауының солтүстік-шығысындағы тау сілемі.
Географиялық орны Алматы облысы Алакөл ауданы жерінде. Алакөл ойысының оңтүстік-батыс жағында ендік бағытта созылып жатыр.
Геологиялық құрылымы, жер бедері Абсолюттік биіктігі 2605 м. Ұзындығы 25 - 30 км, ені 15 - 18 км. Негізінен, интрузивті және метаморфтық жыныстардан түзілген. Жер бедерінде денудациялық-эрозиялық пішіндер басым.
Өсімдігі Етегіндегі қызғылт қоңыр топырағында әр түрлі тұқымдас шөптесін біртіндеп қылқан және жалпақ жапырақты орманға алмасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том С.Ә. Әбдірахманов, Ә.Б. Байбатша, Ә.С. Бейсенова, Ж. Достайұлы, Б.Қ. Қойшыбаев, М.А. Құл-Мухаммед, Ш. Құрманбайұлы, Н.К. Мауытов - бас редактордың орынбасары, Т.Т. Махмұтов, А.Р. Медеу, Ә.Ғ. Сәтбаев, Р. Сәтімбекұлы, Ж.С. Сыдықов.
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы таулары Санат:Жетісу Алатауы