Михаил Петрович Петров (21 қараша (8) 1905, Монашев ауылы — 29 қазан 1955, Ижевск) — удмурт совет жазушысы.

1926 жылдан КОКП мүшесі. Кедей шаруа отбасында туған. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941—45). Соғыстан кейінгі жылдары Удмурт Жазушылар одағының төрағасы болып қызмет атқарды.

Ауыл тұрмысын бейнелеген «Таң алдында» (1952) повесі, «Көне Мултан» (1954) романы және көптеген поэзиялық шығармалары бар.

Петров 3 орден және медальдармен марапатталған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

Санат:Удмурт жазушылары