Жерард Пике-и-Бернабеу (, 2 ақпан 1987 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/18944, Барселона, Испания) — Испаниялық футболшы, қорғаушы шебінде ойнаған. Карьерасының басым көпшілігін Барселона футбол клубында өткізді. Пике өзінің қорғаныс шегінде жақсы ойнауымен және қорғаушы үшін жақсы жылдамдығы арқасында танымал.

Мансабы Жерард Пике Барселона футбол академиясының түлегі, ол осы академияға 1997 жылы түсті. Ал 2004 жылы, осы қорғаушымен «Манчестер Юнайтед» футбол клубы қызығушылығын білдіріп, оны сатып алды. Соның арқасында ол Англияға көшті. 2006/07 жылғы маусымды "Сарагосада" өткізді. Бірақ 2008 жылы жазда ол өзі туған қаласына қайта келді және Барселона футбол клубында өз өнерін көрсете бастады.

"Барселонада" ойнаған алғашқы маусымда клубпен бірге мүмкін болған жүлделердің бәрін ұтты, сондай-ақ маусымның үздік жас футболшысы атанды.

2010 жылы әлем чемпионы, 2012 жылы Еуропа чемпионы атанды.

2022 жылы қараша айында футболдық карьерасын аяқтады.

Жетістіктері

Командалық Испания құрамасы

Әлем чемпионы: 2010 Еуропа чемпионы: 2012

«Манчестер Юнайтед»

Англия чемпионы: 2007/08 Англия суперкубогы: 2007 Англия Лига кубогы: 2005/06 Чемпиондар Лигасы: 2007/08

«Барселона»

Испания чемпионы (8): 2008/09, 2009/10, 2010/11, 2012/13, 2014/15, 2015/16, 2017/18, 2018/19 Испания кубогы (6) : 2008/09, 2011/12, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2020/21 Испания суперкубогы (6): 2009, 2010, 2011, 2013, 2016, 2018 Чемпиондар Лигасы (3): 2008/09, 2010/11, 2014/15 УЕФА Суперкубогы (3): 2009, 2011, 2015 Клубтар әлем чемпионаты (3): 2009, 2011, 2015

Жеке

Испанияның үздік жас футболшысы: 2008/09 Испания чемпионатының үздік қорғаушысы: 2009/10 ФИФА символикалық құрамы (4): 2010, 2011, 2012, 2016 УЕФА символикалық құрамы (5): 2010, 2011, 2012, 2015, 2016 Чемпиондар Лигасының символикалық құрамы (2): 2009/10, 2010/11 Еуропа чемпионатының символикалық құрамы: 2012

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Санат:Испания футболшылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншыларыСанат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншыларыСанат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Реал Сарагоса ФК ойыншылары