Тас торғай (Petronia petronia) — үй торғайдың аналығына ұқсас құс. Одан айырмашылығы - жалпақ ақ қасты, бұлқын қауырсындардың әрқайсысының үштары ақтеңбілді және ересек құстың төсінде сары дағы болады.

Биологиялық сипаттама Өте ширақ және қиқушыл. Аталығының әуені торғай шырылына ұқсас. Ұялары жартас жарықтарында, тас аралықтарындағы қуыстарда, құрылыстарда болады; інде де және ағаш қуыстарында орналасады. Салындыда 5-6 қоңыр теңбілді жасылдау жұмыртқалар болады. Жұмыртқа басуының егжей- тегжейлі дерегі мәлім емес. Балапандары үш аптаға жуық ұяда болады.

Таралуы Солтүстік Африкадан Зайбайкальеге дейін таралған. Қазақстанда - батысында (Ырғызға және Каспий маңына дейін) және оңтүстігі мен оңтүстік шығысында (Сырдариядан Алакөлге дейін) тауларда ұялайды. Көктемде наурыз-сәуірде ұшып келіп, күзде қазанда ұшып кетеді.

Дереккөздер

Санат:Торғайтәрізділер Санат:Еуразия құстары