Шөл ТАСШЫБЖЫҚ (Oenanthe deserti) - кәдімгі тасшыбжыққа ұқсас орташа денелі құс.

Биологиялық сипаттама Бұл екі түрдің аналықтарын бірінен-бірін айыру қиын. Аталығын қара алқымы мен жонының құм түстес түсінен ажыратуға болады. Әуені қысқа және тұрақты, бірақ өте әуезді - «или-или» деген тәрізді үн шығарады. Кейде сайрап жүріп тұп-тура тік ұшып, біртіндеп көлденеңдеу арқылы күйттік ұшу жолын жасайды.Ұялары жасырын жерлерге орналасады, көптеген тасшыбжықтардан айырмашылығы - ұясы іннің аузына таяу тұрады (кейде тіпті ұяның ернеуі көрінеді). Салындыдағы 4-6 қоңыр теңбілді көгілдір жұмыртқаларды негізінде аналығы 14-16 күн басады. Балапандарды ата-енелері ұяда 13- 14 күндей, олар ұшып кеткеннен кейін аптаға жуық қоректендіреді. Қазақстанда наурыздан қазанның ортасына дейін кездеседі. Таралуы Бұл африкалық-азиялық тасшыбжық Қазақстанда Каспий маңынан бастап Зайсан қазаншұңқырына дейін - құмдауыт жерді, ал сазды және тастақта көлденең бедерлі және бұталы үлескілерді ұнатып, барлық шөл типті жерлерге қоныстанады. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.

Дереккөздер

Санат:Тасшымшықтар Санат:Еуразия құстары