Сұрыптау (Селекция; selection; Сортировка; sorting) - массив элементтерін белгілі бір заңдылықпен орындарын ауыстырып реттеу процессін айтамыз. Мысалы, сандар массивін өсуі, кемуі бойынша сұрыптау, жолдар массивін алфавит бойынша сұрыптау және тағы басқа. Сұрыптау мақсаты Сұрыптау мақсаты - көптеген сұрыпталған обьектінің ішінен белгілі бір элементті іздеуді оңайлату. Ақпараттық жүйелерде мәліметтерді сұрыптаудың маңызы өте зор. Сұрыптаудың түрлері Бүгінгі таңда сұрыптаудың көптеген тәсілдері белгілі. Олар:

Таңдау арқылы сұрыптау Алмастыру арқылы сұрыптау Индекстері арқылы сұрыптау Енгізу арқылы сұрыптау Біріктіру арқылы сұрыптау Тізімді реттеу Сұрыптау кез-келген түрдегі кестелерді (массивтерді) өңдеу алгоритміне жатады. Бұның мәні мынада: кесте элементтерін белгілі бір ретпен орналастыру. Сандық кестені сұрыптау - ондағы элементтерді оның нөмірінің өсуі немесе кемуі мәнімен орналастыру. Мысалы Мысал 1:Элемент нөмірі12345Кестенің бастапқы түрі56913613Өсу бойынша реттелген кесте15133669

Мысал 2:Элемент нөмірі12345Кестенің бастапқы түрі42(1)17(1)2(2)17(2)Өсу бойынша реттелген кесте2(1)2(2)417(1)17(2) Мұндағы жақшада көрсетілген индестер бір мәнді элементтердің ретін көрсетеді.

Литерлік кестені сұрыптау - әдетте ондағы мәндерді алфавит бойынша орналастыру дегенді білдіреді. Мысал 3:Элемент нөмірі12345Кестенің бастапқы түрімирсонтуркольельӨсу бойынша реттелген кестеелькольмирсонтур Егер реттеген кезде бірдей мәнді элементтердің реті өзгермесе сұрыптаудың бұл түрі тұрақты болып табылады. Сұрыптау әдістері Сұрыптаудың бірнеше әдістері бар. Бұлардың барлық алгоритмдерден таңдап алыну себебі, біріншіден, жиі қолданылады, екіншіден, көптеген басқа алгоритмдер осылардың түрлі модификациялары болып табылады.Олар: Сұрыптаудың көпіршікті әдісі Сұрыптаудың шейкерлі әдісі Сұрыптаудың хоор әдісі

Дереккөздер

Қолданылған әдебиеттер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Бурин Е. А. Программирование на языке Турбо Паскаль. А., 2000. Вирт Н. Алгоритмы инструктуры данных. Досмайлов Т. К. Паскаль программалау тілі. А.,1996. Кнут Теория алгоритмов. Матросов В. Л. Теория Алгоритмов. Семашко Г. Л., Салтыков Г. Л. Программирование на языке Паскаль. М.,1988.

Сыртқы сілтемелер

Санат:Ақпараттану Санат:Ғылым Санат:Паскаль