Себастья́н Коа́тес Ни́он (исп. Sebastián Coates Nion; 1990 жылы 7 қазанда Монтевидео қаласында туылды) — уругвайлық футболшы, «Сандерленд» футбол клубы мен Уругвай ұлттық құрамасының орталық қорғаушысы. 2009 жылдан бастап Уругвайдың қосалқы құрамаларына жиі шақырылып, 2011 жылы негізгі құрам үшін алғашқы ойыннын ойнады. Мансабы Насьональ Себастьян Коатес — «Насьональ» клубының жастар академиясының тәрбиеленушісі. 2009 жылы алғашқы профессионалдық контракқа қол қойды. «Үш түстілердің» қатарына тез қосылып, негізгі құрамға ілініп кетті. Өзінің физикалық сипатамасының(196 см- 85 кг) арқасында өз позициясында жақсы ойнайды. Либертадорес Кубогінде командасымен бірге жартылай финалға дейін жетіп, Коатес 5 матч өткізіп, 1 голмен ерекшеленді. Сондай-ақ 2008/09 маусымда Уругвай чемпионатын жеңіп алды.

Бара-бара командасының тұрақты ойынышысы атанып, 2009 жылдың соңында ұлттық құрамасына шақырылды. 2010 жылы әлем чемпионатының іріктеу ойындарында Швейцарияға қарсы ойынға шақырылғанымен, алаңға шыққан жоқ.

2009/10 маусымда чемпионаттағы сәтті ойынның арқасында, Рамплы Хуниорс клубына қарсы ойында дубльмен ерекшеленді.

Ливерпуль нобай|солға|Ливерпуль сатысында, Мартин Кэллимен бірге 2011 жылы тамызда Коатестің «Ливерпульға» көшуі туралы өсек тарады. 25 тамызда Себастьянның өзі «Ливерпульға» көшпек екенің айтып, сондай-ақ серігі Луис Суарестің оған кеңес бергеннің жариялады. 30 тамызда «Ливерпуль» ресми түрде Коатестің медециналық тексерілістен өтіп, көп жылдық контракқа қол қойғанның жариялады. 2011 жылы 18 қыркүейкте Тоттенхэмге қарсы алғаш матчын өткізіді, ол алаңға жарақаттанған Аггераны ауыстыра отырып кірді. 2012 жылы 21 наурызда Ливерпуль үшін алғаш голын «Куиз Парк Рейнджерстің» қақпасына әдемі тықты. Ұлттық құрамада 2011 жылы 23 шілдеде Уругвайдың негізгі құрамында алғаш рет алаңға шықты. Ол 60 минутта Маурисио Викториноны ауысытырып, Эстонияға қарсы ойында өнер көрсетті. Себастьян осы сәтте Уругвай құрамасы үшін өнер көрсеткен 250 ойыншы атанды.

2011 жылы Америка Кубогінде 4 матч өткізіп, құрамасының негізгі қорғаушысы атанды. Ол Кубоктің үздік ойыншысы болды.

2012 жылы 10 маусымда алғаш голын әлем чемпионатының іріктеу ойындарында соққан болатын. Алайда ФИФА бұл голды есепке алмады. Жетістіктері Насьональ Уругвай чемпионы: 2009, 2011 Ливерпуль Лига Кубогі: 2012 Уругвай Америка Кубогі: 2011 Жеке Америка кубогінің үздік жас ойыншысы: 2011

Уругвай чемпионатының үздік ойыншысы: 2011 Сілтемелер Ресми сайты Профиль и Ойыншы туралы жаңалықтар Liverbird.ru soccerway.com сайтында профилі

Санат:Уругвай футболшылары Санат:7 қазанда туғандар Санат:1990 жылы туғандар Санат:Монтевидеода туғандар Санат:Уругвай Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының футболшылары Санат:Насьональ Монтевидео ФК ойыншылары Санат:Ливерпуль ФК ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары