Андер Эррера Агуэра (исп. Ander Herrera Agüera; 1989 жылы 14 тамызда Бильбао қаласында туылды) — испаниялық және баскиялық футболшы, «Пари Сен-Жермен» футбол клубының жартылай қорғаушысы.
Клубтағы мансабы нобай|солға Реал Сарагоса Алғашында жастар «Амистад» және «Сарагосу» клубтарында өнер көрсетті. 2008 жылы «Сарагосаның» қосалқы командасына ауысып кетті. Испания чемпионатында алғаш рет 2009 жылы 29 тамызда «Тенерифе» клубына қарсы 71 минутта Джермейн Пеннантты ауыстырып, алаңға шықты. Алғашқы голын жоғарғы дивизионда 6 желтоқсанда «Мальорки» клубының қақпасына соқты. 2009/10 маусымда жалпы Эррера 30 матч өткізіп, 2 голмен ерекшеленді. Атлетик Бильбао 2011 жылы жазда «Атлетик Бильбао» Андерді 7,5 млн. евроға сатып алды . Алғаш ойыны 2011 жылы 18 тамызда Еуропа Лигасында «Трабзонспором» клубына қарсы өтті.
2013 жылы тамыздың аяғында «Атлетик» ағылшындық «Манчестер Юнайтедтің» ойыншыны 25 млн.фунтқа сатып алу туралы келісімін қабылдамады.
Манчестер Юнайтед 2014 жылы 26 маусымда «Манчестер Юнайтед» қайтадан сатып алу туралы сұраныс жасады, осы жолы трансфер құны 29 млн.фунт болды. Осы күні испаниялық клуб контракты сатып алып, ойыншы Манчестер Юнайтдетің сатысына қосылып, 4 жылдық контракқа қол қойды. Алғашқы ресми матчын 2014 жылы 16 тамызда Премьер-Лиганың бірінші турында Суонси Ситиге қарсы ойнады. 14 қыркүейкте Юнайтед үшін алғашқы голын «Куинз Парк Рейнджерстің» қақпасына соқты. Ұлттық құрамада 20 жасқа дейінгі Испания құрамасымен Эррера 2009 жылғы жастар әлем чемпионатына Египетқа барды. Турнирде 4 матч өткізіп, 2 гол соқты. Алайда, Испания 1/8 финалда Италияға 1:3 есебімен жеңіліп, турнирден шығып кетті.
2011 жылы жастар Еуропа чемпионатында Андер барлық матчтарды ойнап, командасында өте үлкен рөль атқарды. Бір голды алғашқы Англияға қарсы ойында соқты, ал екіншісін Эррера финалда Швейцарияның қақпасына соқты. Жетістіктері Атлетико Бильбао Еуропа Лигасының финалисті: 2011/12 Испания Кубогінің финалисті: 2011/12 Манчестер Юнайтед Англия кубогы 2015/16 Англия лига кубогы 2016/17 УЕФА Еуропа лигасы 2016/17 Англия суперкубогы 2016 Ұлттық құрама Жер-су ойындарының чемпионы: 2009 Еуропа чемпионы
Сілтемелер Манчестер Юнайтедтің ресми сайтында профилі
Санат:14 тамызда туғандар Санат:Бильбаода туғандар Санат:Испания футболшылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Жасөспірімдер арасында футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Реал Сарагоса ФК ойыншылары Санат:Реал Сарагоса Б ФК ойыншылары Санат:Атлетик Бильбао ФК ойыншылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының футболшылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары