Қызыл тұзшөп () - алабота тұқымдастары, тұзшөп туысына жататын бір жылдық өсімдік.
Ботаникалық сипаты Биіктігі 5-30 см. Сабағы сидам, жатаған, кейде тік, жіңішке, түсі қызыл, түп бұтақты келеді. Жапырағы таспа, қандауыр тәрізді, кезектесіп орналасқан. Гүл қоршауы 2 жапырақты, аталығы 2-3. Гүл жапырағы гүлінен ұзын.
Өсетін жері мен таралу аймағы Еуропаның оңтүстік-шығысында, Батыс Сібірде, сондай-ақ Қазақстанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе облыстарында шоқы, қыраттарда, сор, сортаң жерлерде өседі. Қызыл тұзшөпті түйе жейді.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қызылқұйрық тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы