Ақмаңдайлы қаз (Anser albifrons) - сұр қазға ұқсас орташа денелі (2-3,2 кило) қаз.
Ол тек қана дене мөлшерімен ерекшеленбейді. Оның тұмсығының айналасында үлкен ақ теңбіл бар (ені 1 сантиметрден артығырақ), құрсағында әр алуан пішінді қара теңбілдер болғандықтан, оны жергілікті аңшылар "шұбарқұрсақ" деп атаған. Одан басқа, халық арасында, шағын денелі болғандықтан, ақмаңдай қарашақаз деп те аталады. Бұл қаздар Еуразия және Солтүстік Америка тундрасында ұялайды, қыста оңтүстік ендікке ұшып кетеді. Қазақстанда көктемгі (ақпаннан мамыр бойы) және күзгі (қыркүйектен қазанның соңына дейін) маусымдардағы жылыстау кезінде кездеседі. Күзгі ұшып өту кезінде орасан көп жиналып, көлдерде ұзақ болады және солардың төңірегінен қорегін тауып жейді. Өсімдіктермен қоректенеді.Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
Галерея
Дереккөздер
Санат:Қазтәрізділер Санат:Еуразия құстары