Мирза Ибрагимов (15 (28) қазан 1911 Оңтүстік Әзірбайжан провинциясы, Иран - 17 желтоқсан 1993 Баку, Әзірбайжан) — әзірбайжан жазушысы, драматург, қоғам қайраткері. Әзірбайжанның халық жазушысы (1961), Әзірбайжан ғылым академиясының академигі (1954—1958), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1951), КСРО Жоғарғы кеӊесініӊ депутаты (1937—1991) Еңбектері "Мұхтар досыма" ("Қазақ әдебиеті", 1957, 28 қыркүйек ), "Мұхаң бізбен мәңгілік бірге" ("Лениншіл жас", 1967, 7 желтоқсан) мақалаларыда Әуезовке деген ыстық ықыласын, достық көңілін білдірген. Қазақ жазушысының 90 жылдық мерейтойына қатысып, 1987 жылы 2 қыркүйекте Мәскеудегі Одақтар үйінде салтанатты кеште баяндама жасады. Ал "Қарапайым ұлылық" атты естелігінде: "Ол Шығыс пен Еуропа мәдениетінің әрі-бергісін жатқызып-өргізетін. Әсіресе өз қазақ халқының ауыз әдебиеті, тарихы мен мәдениетіне келгенде, жатқан бір шексіз-шетсіз алып мұхит еді. Ол осы өз топырағының дәстүрінен молынан сусындаған болатын. "Абай" көп тілге жайылып, тарап кетті, табынушылары да қисапсыз. Бірақ ол қашан да ұстамды, қарапайым еді, өзңн әдебиеттің қатардағы еібеккері есептейтін. Бірде сөз, бірде-бір мінезінен тоқтық, асқақтық сезі деп, жеткіншек ұрпақты жақсылардан үлгі алуға шақырады.Мұхтар Әуезов энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Әзербайжан жазушылары Санат:1911 жылы туғандар Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:КСРО жазушылары Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Академиктер Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері