Қурайлы – Зайсан алабындағы өзен.

Географиялық орны Абай облысы Көкпекті ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 85 км, су жинайтын алабы 2220 км².

Бастауы Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі Сағымжамал тауынан басталып, Зайсан көліне 16 км жетпей жерге сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы тік жарлы. Қар, жаңбыр, жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 2,14 м³/с. Жайылмасы шабындыққа, суы егін, мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Көкпекті ауданы өзендері