Шүлембай мекенжүрты, б.д. 1-ші мыңжылдығының 1-ші жартысы (археол.). Балтакөл ауылынан оңтүстік-шығыста 6 км қашықтықта, Ақжар деген жерде орналасқан. Географиялық коорданаттары 42T 402988 UTM 4768777. 1974-76 жж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының ирригациялық отряды (В. А. Грошев) зертеген. Дөңгеленіп келген төбенің диаметрі 65 м-дей, биіктігі 5 м. Үстінен табылған керамика арасында табанына мата іздері түскен құмдар, науа тәрізді көлденең ойығы бар құмыра тұтқалары, саптыаяқтар бар. Дән үгіткіш тастардың сынықтары да табылды. Дереккөздер Оңтүстік Қазақстан облысы Тарих және Мәдениет ескертікшетрінің жинағы Санат: Тарих ескерткіштері