Мойынқұм — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, аудан және Мойынқұм ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Облыс орталығы – Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 192 км жерде, Шу өзенінің сол жағалауында.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен87398463 8895 105,1 4193 4512 107,6 4270 4383 102,6

Тарихы 1992 жылға дейін Фурмановка деп аталған. 1957-97 жылы қаракөл қойын өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Мойынқұмда 1997 жылдан “Мойынқұм” ӨК және 23 шағын кәсіпорын, жүзден астам шаруа қожалықтары ұйымдастырылды.

Инфрақұрылымы Ауылда бірнеше оқу-ағарту, мәдени және денсаулық сақтау мекемелері орналасқан. Жақын темір жол станциясы – Хантау (100 км).

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы елді мекендері