Қарашат – Үлкен Қараой алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақмола облысы Біржан сал және Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 51 км.
Бастауы Заозёрный кентінің солтүстігінде 15 км жерден алып, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Ленинград ауылының тұсында Шат өзеніне құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысында аңғары айқын қалыптаспаған, орта және төменгі ағысының ені кең. Беткейлері жазық, кей жерлерінде тік жарлар кездеседі. Жайылмасының ені 50-100 м. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Жазда арнасы тартылып, қарасуларға бөлініп қалады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ақжар ауданы өзендері Санат:Біржан сал ауданы өзендері