Жол қоры – елдегі жалпыға бірдей пайдаланудағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, жөндеу, жаңғырту, салуға байланысты шығындарды қаржыландыруға, жол қызметтерін көрсету нысандарын, жол-құрылыс материалдары мен құралымдары, машиналары, механизмдерін өндіретін кәсіпорындарды салуға, жабдықтар сатып алуға, жалпы салалық сипаттағы ғылыми-техникалық жұмыстарды жүргізуге, жол шенін басқаруға, т.б. арналған мақсатты қаражаттар жиынтығы. Қор республикалық жол қоры және жергілікті жол қоры болып бөлінеді. Олар отынға, көлік құралдарын сатып алуға салынатын салық, транзиттік салық, автомобиль жолдарын пайдаланушылар қаражатынан аударым, автомобиль көлігін пайдаланудан түсетін табыстан аударым және басқа көздер есебінен құралады. Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
Сілтеме
Санат: Көлік және коммуникация