Қойсары тауы – Айыртау тауларының солтүстік-батысындағы тау. Абсолюттік биіктігі 771 м.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Каменка ауылының солтүстік-батысында 2 км жерде орналасқан. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 6-7 км-ге созылып жатыр, енді жері 2-3 км-ге созылған.
Геологиялық құрылымы және сипаты Девон кезеңінің орта жоғарғы бөлімдерінің жыныстарынан түзілген. Оңтүстік беткейі тік жартасты келген, солтүстігі көлбеу, онда қалың бұта шоғырлары өскен. Бөктерінен Қызылсу, Қанай (Дресвянка) өзендерінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Таудың қызғылт қоңыр топырағында дала өсімдіктері өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданы таулары