Жер туралы ғылымдар немесе геоғылымдар - Жер ғаламшарын, оның литосферасын, гидросферасын, атмосферасын және Жер маңындағы ғарышты зерттейтін ғылымдар.
Негізгі бағыттар Барлық ғеоғылымдар физика, математика және биология ғылымдарының заңдылықтарын және әдіс-тәсілдерін жиі пайдаланады. Бұл байланыстардың нәтижесінде геофизика және геохимия ғылымдары қалыптасты. Сол сияқты, астрономиямен, физикалық географиямен, геодезиямен, тау-кен ісімен, металлургиямен тығыз байланысты.
Геоғылымдардың негізгі бағыттары болып келесі ғылымдар саналады: Геодезия, картография және геоинформатика; География; Геофизика, гляциология және метеорология; Геология, палеонтология, минералогия және петрография; Гидрология және океанография.
Жер қыртысының, литосфераның заттық құрамын зерттейтін геологиялық пәндер Топырақтану Дистанциялық зондылау және фотограмметрия (көбіне геодезияның бір бөлігі деп есептеледі) Кристаллография Минералогия Петрография Петрология Литология Геохимия
Геологиялық процестерді зерттейтін геология пәндер кешені (динамикалық геология): геотектониканы (тектониканы), құрылымдық геологияны, вулканологияны, сейсмологияны геоморфологияны біріктіреді.
Геологиялық процестердің тарихи сабақтастығын зерттейтін ғылымдар кешені: стратиграфия, фациялар туралы ілім, геологиялық формациялар туралы ілім, палеогеография.
Тау жыныстарына кіріккен тіршілік қалдықтары мен іздерін зерттеу нәтижесінде сол тіршілік түрлерінің пайда болуын және даму барысын зерттейтін ғылым саласы палеонтология.
Іс-тәжірибе шараларын қамтамасыз ету мәселелерімен айналысатын геология салалары: кен байлықтары жайлы ілім гидрогеология инженерлік геология аймақтық геология.
Кен байлықтарын зерттеудің және игерудің әдістемелік шараларын және геол.-экон. тиімділігін зерттейтін салалар: Іздеу-барлау істері Кеніштік геология Шахталық геологияМұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
Дереккөздер
Санат:Жер туралы ғылымдар