Хамит Ыстамғалиұлы Ақботин (1902, Құрманғазы ауданы, Нұржау а. - 1938) - шараушылық, кеңес қызметкері. 1915—25 ж. Астрахан губерниясы Краснояр уезінің облыстық әскери комитетінде іс жүргізущі, Теңіз уездік атқару комитетінің инспекторы, хатшысы. 1925-37 ж. ҚазАКСР-інің Теңіз уездік еңбек бөлімінің инспекторы, Бөкей уездік, Сырдария губерниялық комсомол комитеттерінде жауапты хатшы, Сырдария округтік партия комитетінің, Алматы обкомының хатшысы, Гурьев округтік партия комитетінің өнеркәсіп саласындағы хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық а. ш. бөлімінің меңгерушісі болды. Репрессия құрбаны.Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000
Дереккөздер
Санат:1902 жылы туғандар Санат:Атырау облысында туғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері